Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласындағы колледж студенттері арасындағы «Алға қадам» акциясы

2018 жылдың 14-16 ақпан аралығында Атырау облысы ЖИТС қарсы күрес және алдын алу орталығымен Атырау облыстық және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Алға қадам» тақырыбында  «Болашақ» көпсалалы колледж және Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенттері арасында акция өткізді. Шара АИТВ инфекциясының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова және басқарма мамандары АИТВ алдын алу туралы ақпарат, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай, сонымен қатар алдын алу шаралары, жауапты және қауіпсіз тәртіп, АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілік туралы нақты ақпарат берді.

Бейнефильмдер көрсетілді. Ақпараттық құралдар таратылды. Барлық қамтылғандар 130 адам.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey