Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ашық есік күні

Дүние жүзінде  жыл сайын мамыр айының  үшінші жексенбісінде жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан (ЖИТС-СПИД) қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтеді. Бұл күн 2018 жылы 20 мамырға сәйкес келеді.

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық  күнін атап өтудегі мақсат – әлем жұртшылығының назарын АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселесіне, адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау мәселесіне аудару.

2018 жылы кампания «Болашақ үшін есте сақтау» ұранымен өтеді.

Осы атаулы күнге байланысты 2018 жылдың 16 мамырында облыстық ЖИТС орталығында Ашық есік күні өтеді.  Бұл күні  кез-келген тілек білдіруші адам ЖИТС орталығына келіп АИТВ (ВИЧ) инфекциясына тегін тексеріліп, дәрігерлердің кеңесін, сұрақтарына жауап ала алады. АИТВ статусты білудің жалғыз жолы – қанды зертханалық тексеру. Егер көп реттік құралдармен жасалған процедуралар, талапқа сай келмейтін орындарда татуаж, пирсинг жасатқан жағдайлар немесе күдікті жыныстық қатынастар болса  АИТВ-инфекциясына тексерілген жөн. Облыстық ЖИТС орталығының сенім телефоны 21-31-86.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey