Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінің ЖИТС-ке жауапты медицина қызметкерлеріне арналған семинар

2018 жылдың  11 мамырында  Атырау облыстық ЖИТС –тің алдын алу және күресу жөніндегі  орталығында емдеу-сауықтыру мекемелерінің жауапты дәрігерлері және эпидемиологтарына «Медициналық ұйымдардың эпидемиологтарына арналған АИТВ инфекциясының мәселелері»  атты  облыстық семинар өткізілді. Орталықтың мамандары қатысушыларды Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Медицина ұйымдарының есептеріне шолу, реципиенттер мен жүкті әйелдерді АИТВ-ға тексеру, апатты жағдайлардың алдын-алу, байланыстан кейінгі профилактиканы ұйымдастыру сұрақтары қаралды. АИТВ жұқтырғандарға стигма, дискриминация, емдеу мекемелеріндегі АИТВ-ға тестілеу, преаналитика мәселелері қозғалып, жедел-тест техникасы оқытылды.  Семинардан бұрын және кейін сауалнама өткізілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey