Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласында халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне акция

2018 жылдың 18 мамырында Атырау облыстық ЖИТС орталығында  халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне «Ұмытпаймыз. Білеміз. Жеңеміз!» лозунгімен акция өткізілді.  Акцияның  мақсаты –   жұртшылықтың назарын АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселесіне, адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау мәселесіне аудару.

Акция барысында салауатты өмір салты насихатталды.  «Қайсар» спорт клубының спортшылары каратэ және муай-тай жекпе-жегі бойынша көрсетілім қойды. Атырау медицина колледжі студенттерінің қатысуымен ЖИТС-пен ауыратын адамдармен ынтымақтастықты бейнелейтін «қызыл лента»  флэшмобы ұйымдастырылды және акция ұраны жазылған «КВИЛТ» көрсетілді.  Сонымен қатар, акцияға қатысушылар викторинаға қатысып, белсенділерге сыйлықтар табысталды. Медициналық колледж студенттері мен «Қайсар» спорт клубының спортшыларына алғыс хаттар табысталды.

  

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey