Атырау облыстық АИТВ  орталығы

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткізілген жиналыс

3 тамызда Атырау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Атырау облысындағы  туберкулезге қарсы күрес және АИТВ –инфекциясының бизнес құрылымдарына ықпалы» тақырыбында бірлескен жиналыс өтті. Жиналыста ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың директоры – Н.Ә. Айтмұхамбетов баяндама жасады. Бизнес құрылымдары жетекшілерілерінің қойған сұрақтарына жауап берілді.ЖИТС орталығының директоры Н.А. Айтмұхамбетов презентациямен таныстырып, АИТВ инфекциясы бизнеске кері әсерін тигізбейтіндігін және   АИТВ инфекциясына тестілеу еліміздің  азаматтары үшін емдеу мемлекет есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті. Әлеуметтік мәні бар ауру ретінде АИТВ инфекциясы тегін  медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде қарастырылатынын жеткізді. Бизнес құрылым басшылары арасында сауалнама жүргізілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey