Атырау облыстық АИТВ  орталығы

«Сау болу – сәнді!» атты спорттық ойындар сайысы

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 01.04.2019 жылғы №210бұйрығына сәйкес 3-cәуір күні Атырау облыстық ЖИТС орталығында 7-сәуір Денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» ұранымен қызметкерлер арасында спорттық ойындар сайысы  өткізілді. Ең алдымен шараға қатысқан барлық қызметкерлер бірлесе жаттығулар жасап, сергіп алды. Өз күштерін сынауға «Сұңқар», «Жас қанат» және «Мен қазақпын» атты 3 топ шықты.

Топ мүшелері «Қапшықпен секіру», «Скакалка секіру», «Баскетболды допты лақтыру» және т.б. қызықты ойындарды ойнап, өзара жарысты. Жанкүйерлер ретінде орталықтың қызметкерлері топ есімдерін ұрандап, спортшыларды ынталандырып отырды.

Спорттық жарыс соңында орталық директоры Н.Айтмухамбетов, директор орынбасары Л.Акбанова және эпидемиолог көмекшісі М.Баймуханова құраған әділқазылар алқасы өз дауыстарын ортаға салып, жеңімпазды анықтады. 1-орынға «Жас қанат», 2-орынға «Мен қазақпын», 3-орынға «Сұңқар» топтары иеленді.

Топтық ойындар аяқталысымен көрермен әріптестер арасында қызықты ойындар ұйымдастырылды.Барлық спортшылар өте бағалы сыйлықтармен марапатталып, жанкүйерлер тарапынан қошеметке иеленді. Сау болу –сәнді!

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey