Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Пресс- релиз

     Жыл сайын, мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алуға арналған іс-шаралар өткізіледі. Қазақстанда Халықаралық еске алу күнін өткізу – бұл АИТВ- инфекциясының одан әрі таралуын тоқтату мен инфекцияға қарсы тұруға дайын болудың тағы бір мүмкіндігі, ешкімнің аурудан сақтандырылмағанын және әлдеқашан АИТВ-инфекциясының «осал топтар» ауруы еместігін еске түсіру. Бүгінде адамның әлеуметтік мәртебесі, жасы мен келбеті АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екендігін көрсете алмайды. Вирустың таралуын тоқтатуға әрбір адам өз үлесін қоса алады.
Биылғы жылы Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайыс болғандарды еске алу күніне арналған іс-шара 19 мамырда өтеді. Акция бағдарламасына: АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеуді жүргізу, жастар арасында оқу-ақпараттық шараларды өткізу және т.б. кіреді. Негізгі идея – уақытылы ем жүргізу арқылы АИТВ-инфекциясын өлімге әкелетін аурулар қатарынан, толыққанды ұзақ өмір сүруге болатын созылмалы аурулар қатарына көшіруге болатындығын тұрғындарға жеткізу. Мақсат – халықты АИТВ- ға тестілеуден қорықпауға, бұл туралы батыл айтуға, сұрақтар қоюға және жауап алуға көмектесу.
comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey