Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Кітапханада дөңгелек үстел өтті

26 маусымда Сланов атындағы облыстық  ғылыми  әмбебап кітапханасының  ұжымы «Жастар нашақорлық пен  АИТВ дан аулақ болыңыз» атты тақырыптадөңгелек үстел  ұйымдастырып, облыстық ЖИТС  орталығының алдын алу  бөлімінің  мамандары қатысты.

Шараны кітапхананың  салалық бөлімнің  меңгерушісі  Б.Ергалиева  ашып, облыстық ЖИТС  орталығының алдын алу  бөлімінің  мамандары Р.Муканова  мен  М.Баймухановаоблыстағы  АИТВ нің   эпидемиологиялық жағдайы, берілу  жолдары және  алдын алу  шараларымен  таныстырды.

АИТВ-ның таралуын тоқтатудың қазіргі уақыттағы  негізгі мақсаттарының бірі – халықты жұқпадан алдын алуға ақпараттандыру және  әрбір адамның АИТВ-ға мекен жайындағы емханада немесе ЖИТС орталығынан тексерістен өтуге  болатындығы  туралы  кітапхананың  қызметкерлері  мен  оқырмандарына  түсіндірдірілді.

Шара  барысында  қызметкерлердің   сауалдарына  нақты жауаптар  берілді. Қатысушыларға  ақпараттық құралдар таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey