Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкерлері арасында семинар өтті

3-4  қыркүйек аралығында Ережепов Б.Е. алдын алу бөлімінің меңгерушісі, дәрігер эпидемиолог Қазиханов Е.О. Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығыныңмедициналық қызметкерлерінеәдістемелік көмек көрсетті. Соңында «Медициналық ұйымдарда АИТВ–ны алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар мақсаты: Постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру, медициналық қызметкерлерді АИТВ-дан анадан балаға берілу мәселесі, халықты клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамтуды арттыру және АӨА аурудың ерте кезеңдерінде анықтау.
Семинар барысында АИТВ-ның облыстағы эпидемиологиялық жағдайы туралы, кәсіби байланыс болған жағдайдағы әрекеттер туралы, инфекцияны ерте кезеңнен бастап анықтау мақсатында медициналық ұйымдарда пациенттерді АИТВ-инфекциясына тексерудің толыққандылығын қадағалау; АИТВ -инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу шараларын енгізу туралы ақпарат берілді.
Семинарға 15қызметкер қатысты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey