Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Жылыой аудандық ауруханасына әдістемелік көмек көрсетілді

Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Умарова Г.А., лаборатория бөлімінің меңгерушісі Султанова Г.Ш. Жылой аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетіп, семинар өткізді.
Семинар барысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы «АИТВ инфекциясының бар жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту» , №ҚР ДСМ-313/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепттік құжаттама нысанын бекіту» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қоса, әр бөлімдегі мамандарға аудандағы жүкті әйелдердің уақытында АИТВ жұқпасына тексерілуі , экспресс тестпен тексеру реттілігі үйретіліп түсіндірілді.Семинарға 33 медициналық қызметкерлер қатысты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey