Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ЖИТС орталығында облыстық вебинар өткізілді

2021 жылдың 17 науырызында Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлерінің ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес ZOOM-конференция режимінде облыстағы емдеу мекемелерінің директорларының орынбасарлары, госпиталды эпидемиологтардың, ЖИТС ке жауапты дәрігерлердің арасында ҚР ДСМ 27.11.2020ж «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы №-211/2020ж. бұйрығын талдау» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинарда эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Г.А.Умарова облыстағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, көрсетілімдер бойынша тексеру, алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Ж.Б.Тулемисова медицина ұйымдарында АИТВ инфекциясының кәсіби берілуінің алдын алу, емдеу алдын-алу бөлімінің инфекционист дәрігері А.М.Карабекова клиникалық көрсетілімдер бойынша тексеру, зертхана бөлімінің меңгерушісі Г.Ш.Султанова АИТВ-ның диагностикасы, преаналитика сатысына қойылатын талаптар бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Қатысушылардан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, 46 адам қатысты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey