Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында семинар өтті

2021 жылдың жиырма бірінші сәуірінде Атырау облыстық ЖИТС – тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог- дәрігерлері Э. Ерғалиева мен Ж. Тулемисова облыстық психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу жөнінде семинар өткізді.
Қатысушылар Атырау облысындағы АИТВ – инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 211 “АИТВ – инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп – қарау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығымен, соның ішінде халықтың негізгі топтары – ИЕТА арасында зерттеу жұмыстары жөнінде таныстырылды.
Семинар барысында медициналық манипуляциялар кезіндегі апаттық жағдайларда АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша іс – әрекеттер, байланыстан кейінгі алдын алу бойынша шаралар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey