Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ұлттық ұланының 5546 әскери бөліміндегі кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай, облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының дәрігерлері Р.Муканова және А.Серікбаева Атырау қаласындағы Қазақстан  Республикасы  Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде  кездесу өткізді.

Шарада мамандар  АИТВ/ЖИТС жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, облыстың эпидемиологиялық ахуалы, ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің маңыздылығына  тоқталды. Адам иммун тапшылығы вирусы үкім емес! Тұрақты емдеу шаралары адам ағзасындағы вирус мөлшерін азайтып, өмір сүру жасын ұзартатындығы, терапияның тиімді әсерінің арқасында АИТВ-позитивті адамдар қалыпты өмір салтын ұстана алатынын жеткізді.

Кездесу соңында әскерлерге  оқу ақпарат құралдары таратылып, бірнеше сауалдарына жауап  берілді

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey