Атырау облыстық АИТВ  орталығы

«Журналистік зерттеу» хабарына сұхбат берілді

Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні тез арада жасап шығару үшін қолдарынан келген мүмкіндіктерді қарастырауда.  Бұл салада біршама жетістіктер бар, бірақ ауруға қарсы нақты екпе әлі табылған жоқ.  Сол себепті АИТВ-ның алдын алу және қорғану әр адамның басты міндеті.

ҚР ІІМ ” Атырау  облыстық  мамандандырылған  күзет қызмет  басқармасы” ММ-нің өкілдерімен кездескен Атырау облыстық ЖИТС орталығының  алдын алу бөлім меңгерушісі А.Ж.Абылғазиева,  дәрігер- эпидемиолог  Р. Мұқанова АИТВ және ЖИТС-тің адам өміріне зияны мен одан қорғанудың жолдарын түсіндірді. Кездесуге қатысқандар көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.

Сонымен қатар, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ерікті қызметкерлері жедел тест тапсырды. Бұл кездесуге «Атырау» телеарнасының түсірілім тобы да арнайы келді. Олар Дүниежүзілік ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай дайындалған «Журналистік зерттеу» хабарына сұхбат алды.

 

 

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey