Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласы бизнес құрылымдар арасындағы кездесу

                2022 жылдың 16-18 мамыры  аралығында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының  алдын алу бөлімінің  маманы  Баймуханова М.У. Атырау қаласының бірқатар мекемелерінде  Дүниежүзілік ЖИТС-тен  қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында  «Біздің жадымызда! Біз әрекет етеміз! Біз АИТВ  індеті санынан  көппіз!»  ұранымен « Стройинвест-К »ЖШС, «Ener Mech Kazakhstan» ЖШС, «Каспий құрлыс ЛТД» ЖШС, «Құлсары Газ» ЖШС қызметкерлерімен  кездесулер өткізді .

Халықаралық еске алу күнінің  басты  мақсаты –ЖИТС ауруынан  қайтыс болғандарды еске алу  арқылы қоғам назарын адамның иммун тапшылығы вирусының   (АИТВ)  таралу жолдарына, алдын алу шараларына және  АИТВ  жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау  мәселесіне  аудару. Кездесу барысында  АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы айтылды.

Кездесуге қатысушыларға АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

 

               

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey