Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау  қалалық №5 емханада   «Балаларды клиникалық көрсетілімдер бойынша тестілеу» тақырыбында  семинар

ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі А.Мұқанбетқалиева 2022 жылдың  15 қыркүйегінде  №5 қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.  Балаларды АИТВ инфекциясына клиникалық көрсетілімдер бойынша  тестілеу, эпидемиологиялық және диспансерлік шараларды жүргізу, апаттық жағдайлар, стигма, дискриминация  мәселелері талқыланды.

Балалар арасындағы АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының ерекшеліктері мен маңыздылығына, індеттің анадан балаға берілуін тоқтатуға  баса назар аударылды.

Семинарға  емхананың әкімшілігі, педиатр, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, учаскелік медбикелер, барлығы 30 медицина қызметкері қатысты.

 

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey