Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ-ның алдын алу бойынша облыстық семинар

2023  жылдың  26 қаңтарында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы  17  қаңтардағы  № 13 бұйрығына сәйкес,  қалалық және аудандық бастапқы медико-санитарлық ұйымдардың госпиталды эпидемиологтары мен жеке меншік  медициналық  ұйымдардағы    ЖИТС-ке жауапты дәрігерлері арасында «Медицна ұйымдарында АИТВ инфекциясының алдын алу  шараларының  жағдайы  және тестілеудің  преаналитикалық  кезеңіне  қойылатын   талаптар» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов ашып,  орталықтың  бөлім меңгерушілері АИТВ-ға медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындарды тестілеу, жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін тексеру,  биоматериалды  алу, тасымалдау, сақтау, кәсіби берілуден алдын алу туралы талқыланды.
Қатысушыларға семинарға дейінгі және кейінгі тестілеу жүргізілді. Жиналғандар тақырып аясында сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Қамтылғандар саны: 45 адам.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey