Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Құлсары қаласындағы «Медикер Жайық» ЖШС медицина қызметкерлерімен кездесу

      2023 жылдың 15 наурызында Құлсары  қаласындағы «Медикер  Жайық» ЖШС  медицина  қызметкерлері арасында облыстық  ЖИТС  орталығының   мамандары   АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарда  Қазақстан Республикасы және  Атырау  облысы бойынша АИТВ жағдайы бойынша эпидемиологиялық ахуал, апатты жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, байланысқа дейінгі және кейінгі алдын- алу, антиретровирустық терапия, стигма және кемсіту, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырылды.

Жүкті әйелдерді есепке алу кезінде, жүктіліктің 28-30 аптасында және  олардың жыныстық серіктестерін жүкті  әйелдерді есепке алған кезде бір рет  АИТВ-инфекциясына тексеру жөнінде айтылды. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясын жедел тестпен  тестілеу әдісі  тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Қатысқандар саны- 19  медицина қызметкер, оның ішінде 6- дәрігер, 13-медбике.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey