Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Жаңалықтар

Аутрич қызметкерлеріне арналған семинар

2024 жылдың 24 қаңтарында АИТВ орталығының алдын-алу бөлімі сенім бекетінің медбикесі А.Жандалиева аутрич-қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинар тақырыбы: «АИТВ-жұқпасының  тәуекел  топтары  арасында берілу жолдары. Инъекциялық (әсіресе тұзды) және инъекциялық емес препараттардан   алдын  алу шаралары (зиянды азайту бағдарламасы). ИЕТ аутрич қызметкерлерімен сенім  және  жылжымалы сенім пункттерінің  алға қарай жұмыс істеу бағытын түсіндірді. Сондай-ақ, аутрич қызметкерлерге  талаптар…

Кәсіподақ жиналысы

19 қаңтарда  облыстық   АИТВ  – инфекциясының  алдын алу орталығында   есептік сайлау кәсіподақ жиналысы өтті, онда кәсіподақ комитетінің   төрағасы     Д.Е. Сарсенғалиевтің  есебі тыңдалды. Кәсіподақ комитетінің өткен кезеңдегі жұмысы қанағаттанарлық деп саналды. Келесі кезеңге кәсіподақ комитетінің төрағасы  болып  бірауыздан   Сарсенғалиев Д.Е.  сайланды. Сондай ақ жиын барысында жаңа  құрам мүшелері сайланып,  жұмыс жалғасатын болды.

«АИТВ/ЖИТС және қоғам»

17.01.2024 ж. Атырау облыстық АИТВ орталығының алдын-алу бөлімінің маманы Ж.Иманғалиева КММ«Смарт Атырау» , ЖШС «Ақжол Мұнай Сервис»  қызметкерлері арасында АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша дәріс өткізді. Дәріс барысында қызметкерлерге өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға және АИТВ-инфекциясын алдын-алу мақсатында бағытталған ақпараттар берілді.

АИТВ дан алдын – алу туралы

Облыстық  АИТВ – инфекциясының  алдын алу орталығының  маманы  Жұпар Иманғалиева  АҚ «NITEC», «Ярмарка»ЖШС қызметкерлеріне     дәрістер оқыды. Іс-шараның мақсаты-халықты АИТВ-инфекциясы және оның берілу жолдары, сақтық шаралары туралы хабардар ету. Спикер  тыңдаушыларға  Атырау  облысы бойынша АИТВ-инфекциясымен, эпидемиологиялық жағдаймен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты, стигма және кемсітушілікке жол бермеу туралы және авариялық жағдайлар кезінде АИТВ-инфекциясының қатынастан кейінгі профилактикасы…

Жағалау күзетінің қызметкерлеріне АИТВ туралы дәріс

Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің мамандары Р.Муканова, М.Баймуханова және медбике  А.Жандалиева  «ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жағалау күзетінің үшінші девизионы» қызметкерлеріне  дәріс  өткізді. Мақсат: әскери қызметкерлердің арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болып табылады. Шара барысында  мамандар  АИТВ инфекциясының  Атырау  облысының  эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және…

АИТВ /ЖИТС туралы білуіңіз керек

2024 жылдың қаңтар айында Атырау облыстық АИТВ-инфекция орталығының маманы Ж.Имангалиева АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша «Рембыттехника», «Өнерпаз» ЖШС дәріс оқыды. Дәріс барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ/ЖИТС-ке байланысты стигма және кемсітушілікті болдырмау сұрақтарын түсіндірді.  

«АИТВ/ЖИТС-тан қорғану өз қолыңда »

Атырау  облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу бөлімінің маманы Ж.Иманғалиева «NJ-Групп» ЖШС, «Кулманова»ЖК, бизнес құрылымдарда дәріс өткізді. Дәріс өткізудің мақсаты: АИТВ-ның шығу тарихы мен оның қауіпті факторларын, жұғу жолдарын, және АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен шеттетудің алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсетуге көңіл бөлу. Дәріс соңында маман ақпараттық құралдарды тарата отырып салауатты өмір салтын ұстану, жыныстық қатынасты…

Құттықтау

13 желтоқсанда АИТВ орталығының  директоры  Қ.Нұрмұханов орталықтың  қызметкері   Досқалиева Назгул Бисенғалиқызын  мерейлі   55  жасқа толуымен  құттықтады. Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте  табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз! Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!

Қызылшаға қарсы семинар

Ағымдағы жылдың  7 желтоқсанында облыстық АИТВ –инфекциясының   алдын алу  орталығының   госпитальді эпидемиологы  Г.А.Умарова,  орталықтың  медицина қызметкерлеріне Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №7 қаулысының 01.11.2023 ж. талаптарын орындау бойынша “Санитариялық – эпидемиялогиялық және санитарлық -профилактикалық қызылшаға қарсы іс-шаралар” тақырыбында семинар өткізді. Семинарда қызылша ауруының клиникасы, оның таралу қауіптілігі, қазіргі аурушылықтың жағдайы туралы мәлімет берілді. Сондай ақ қызылша…

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңындағы кездесу

2023жылдың 30 қарашасында  облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова Атырау энергетика және құрылыс колледжінің  студенттерімен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай  «Көшбасшылық қауымдастықтарға» тақырыбында  кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты- жастардың назарын  АИТВ мәселесіне аудару, ақпараттандыру,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру. Салауатты өмір салтын  насихаттау. АИТВ орталығының маманы Атырау  облысындағы  эпидемиологиялық жағдаймен…