Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ -дегеніміз не?

АИТВ-бұл адамның иммундық тапшылық вирусы. АИТВ инфекциясы- бұл иммундық жүйенің зақымдануымен жүретін созылмалы ауру. Адамның сыртқы келбетіне ,сыртқы бет бейнесіне қарап АИТВ статусы анықталмайды. Статусты анықтау үшін тексерілістен өтіп, венадан қан тапсыру қажет. Атырау облысты ЖИТС орталығында АИТВ статусыңызды ақылы және ақысыз түрде анықтауға болады. Ақысыз –егерде сіз жеке дәрігеріңіздің жолдамасымен келсеңіз және 18 ге…

Атырау облыстық ЖИТС орталығының 30 жылдығына орай республикалық конференция

2019 жылдың 26 қыркүйек күні  «Sultan Palace» қонақ үйінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының 30жылдығына орай «АИТВ инфекциясын интеграциялық бақылау және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеудің инновациялық әдістері» атты республикалық конференция өтті. Конференция барлық облыстардың ЖИТС орталығы директорлары қатысып, бір бірімен тәжірибе алмасты. Бағдарлама бойынша конференциядан кейін қонақтарды Атырау облыстық ЖИТС орталығының жұмысымен таныстыру болды. Салтанатты…

Сатпаев даңғылы бойындағы бильбордке ЖИТС орталығының баннері орнатылды

ЖИТС орталығының 30жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық конференция ақпараты көрсетілген баннер 20.09-20.09.19күндер аралығында Сатпаев даңғылы бойындағы билбордке орнатылды.  

«Жилстройсбербанк» АҚ қызметкерлерінің түсіндірме жұмысы

17 қыркүйек күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Жилстройсбербанк» АҚ-ның Атырау облыстық филиал қызметкерлері ЖИТС орталығының қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер жөнінде айтылды. Жаңадан салынған үйлердің иесі атану мүмкіндігі жайлы толыққанды айтылып, қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Атырау облыстық ЖИТС орталығының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған волейбол турнирі

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен 14 қыркүйек күні Нұрсая ықшам ауданындағы ФОК-та медициналық қызметкерлер арасында волейболдан турнир өтті. 150 мың теңгелік жалпы жүлде қорына 8команда сайысты. Ойын қорытындысы бойынша I орынға Атырау облыстық аурухана командасы, II орынға Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департамент…

АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру жұмыс

2019жылдың 12 қыркүйекте жалпы білім беретін №37 орта мектепте «Мектеп, отбасы,қоғам серіктестігінің бала тәрбиесінде алатын орны» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысына  орталық педагогы А.Тунгатарова қатысып, «АИТВ/ЖИТС және қоғам» атты презентациясымен баяндама жасады. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің түсіндірме жұмыстары

11 қыркүйек күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «БЖЗҚ» АҚ-ның Атырау облыстық филиал қызметкерлері ЖИТС орталығының қызметкерлері арасында зейнетақы қоры жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заңнамадағы өзгерістер мен жаңа қызметтер жөнінде айтылды. Зейнетақы қорына түсіп жатырған жарнаны телефондық бағдаларламамен бақылау мүмкіндігі түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Мемлекет басшысының жолдауын талқылау

10 қыркүйек күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында дәрігер-статист Мұханғалиева Ұ.Н. мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын ұжым арасында түсіндірді. Жолдауда медицинаға байланысты айтылған тараптарды атап көрсетіп, туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey