Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендермен кездесу

- admin_atsc
- 02.04.2019
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28 наурызында діни көзқарасына байланысты екпеден бас тартушылар арасында «Алдын ала егілудің адам өміріне пайдасы» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Ғалымов, №7 қалалық емхана директорының орынбасары Н.Үмбетқалиева, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің балалар бөлімінің меңгерушісі А.Кушумова, облыстық ЖИТС-қа қарсы күрес және алдын-алу жөніндегі орталығының «Алдын алу» бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері О.Сүгірова, Орталық мамандары, теолог мамандар, деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен жандар қатынасты.
Сонымен қатар, облыстық ЖИТС-қа қарсы күрес және алдын-алу жөніндегі орталығының «Алдын алу» бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов те жарыссөзге шығып өз ойын ортаға салды.Жиынға қатысушыларға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуалы жөнінде ақпарат берді. АИТВ инфекциясына байланысты туындаған сұрақтарға жауап берілді, оқу-ақпараттық материалдар таратылды.
comments powered by HyperComments