№75 мекемесіндегі жеке құрам қызметкерлерімен кездесу

- admin_atsc
- 13.04.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 12 сәуірінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова мен А.Сабекеева, орталықтың дәрігер –дерматовенерологы В.Шарапиева ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесіндегі жеке құрам қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинарда дәрігерлер АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалына, берілу жолдары мен алдын алу шараларына, кәсіби міндеттерді орындау кезінде апаттық жағдайлармен сақтану шараларына кеңінен тоқталды. Дәрігер дерматолог В.Шарапиева ЖЖБИ мен қатынасқа дейінгі профилактика туралы түсіндірді. Шара соңында қатысушыларға оқу ақпараттық құралдары таратылды.
comments powered by HyperCommentsRegister
2024-10-19 07:18:40
Your article helped me a lot, is there any more related content? Thanks!