Атырауский областной вич центр

В Атырау назначен руководитель управления здравоохранения

  • Beket Erezhepov
  • Пятница Май 29th, 2020
Атырауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы  тағайындалды
Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Нұрлыбек Қабдықапаров Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар Қызметі.
Нұрлыбек Рысқалиұлы Қабдықапаров 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген.
Сонымен қатар, Қ.А.Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында №1 бөлімшесінде дәрігер-анестезиолог, реаниматолог болып бастаған.
Кейін 1996 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі болған.
1996-1997 жылы Атырау қалалық балалар жұқпалы аурулар (инфекциялық) ауруханасының дәрігер-анестезиолог, реаниматологы, 1997-2000 жылдары реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, 2000-2002 жылдары бас дәрігері қызметтерін атқарған.
2002-2003 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 2003-2005 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, 2005-2006 жылдары Атырау қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, 2007-2008 жылдары Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облыстық басқармасының директоры, 2008-2009 жылдары Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облыстық департаментінің директоры, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директоры, 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, 2016-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалының директоры лауазымдарын атқарған.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры қызметін атқарып келді.
Распоряжением акима Атырауской области Махамбета Досмухамбетова временно исполняющим обязанности руководителя управления здравоохранения назначен Нурлыбек Кабдыкапаров, – сообщает Региональная служба коммуникации. ​
Нурлыбек Рыскалиевич Кабдыкапаров родился в 1970 году в Атырауской области. Образование – высшее, окончил в 1993 году Карагандинский государственный медицинский институт по специальности врач-педиатр.
Наряду с этим, окончил международный университет имени К.А.Йассауи по специальности государственное и местное управление. Трудовой путь в 1994 году начал в Атырауской городской детской поликлинике, в отделении №1 в качестве врача-анестезиолога, реаниматолога. ​ ​
Позже, в 1996 году в Атырауской городской детской больнице был заведующим отделением интенсивной терапии.
В 1996-1997 годах работал в Атырауской городской детской инфекционной больнице врачом-анестезиологом, реаниматологом, в 1997 – 2000 годах – работал заведующим отделением ​ реанимация, в 2000 – 2002 годах – главным врачом.
​ ​ ​ ​ В 2002-2003 годах работал исполняющим обязанности начальника Атырауского городского отдела здравоохранения, в 2003-2005 годах – начальником Атырауского городского отдела здравоохранения, В 2005-2006 годах – начальником Атырауского городского отдела координации занятости и социальных программ, 2006-2007 годах – заместителем руководителя Департамента здравоохранения по Атырауской области,​ в 2007-2008 годах – директором Атырауского областного управления Комитета контроля качества в сфере медицинских услуг, в 2008-2009 ​ годах – директором Атырауского областного департамента Комитета контроля качества в сфере медицинских услуг, в 2009-2013 годах – директором департамента по Атырауской области Комитета оплаты медицинских услуг Министерства здравоохранения РК, в 2013 – 2016 годах – руководителем департамента по городу Астане Комитета оплаты медицинских услуг Министерства здравоохранения РК, в 2016 – 2017 годах – руководителем департамента по Акмолинской области Комитета оплаты медицинских услуг Министерства здравоохранения РК,​ в 2017 – 2019 годах – директором филиала по городу Астане ​ некоммерческого акционерного общества «Фонд социального медицинского страхования».
С декабря 2019 года работает на должности​ директора филиала по городу Алматы некоммерческого акционерного общества «Фонд социального медицинского страхования».
There is no translation for “тағайындалды” in Русский-Английский dictionaries
comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey