Атырау облысында баспасөз конференциясы өтті
- admin_atsc
- 30.11.2016
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Үстіміздегі жылдың 25 қарашасында Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығыорталығының мәжіліс залында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай пресс-конференция өткізілді. Пресс-конференцияға Облысық ЖИТС орталығы, ОСӨСҚ орталғы, Облыстық денсаулық сақтау мен білім басқармасы, облыстық тері-венерология, облыстық наркология диспансері және қалалық емханалардың АИТВ/ЖИТС-ке жауапты дәрігерлері, жергілікті«Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің, «Қазақстан-Атырау»телеарнасының тілшілері қатысты. Шараны ОСӨСҚ орталығының директоры А.Сралиева ашып, Облыстық ЖИТС орталығының дәрігері А.Каракулова Дүниежүзілік Кампанияның өткізілуінің маңыздылығы туралы, жасөспірімдерді, жастарды, тұрғындарды ақпараттандыру, алдын алу жұмыстарының қажеттілігіне тоқталды. Дәрігер эпидемиолог М.Испергенова облыстың эпидемиологиялық жағдайымен, «Мен #АИТВ-ның алдын алуын қолдаймын» атты 2016 жылдың жаңа ұранын ашып түсіндірді. Тілшілердің АИТВ/ЖИТС туралы қойылған көптеген сұрақтарына мамандар нақты жауаптар берді. Қатысушыларға пресс релиз, буклеттер таратылды.
comments powered by HyperComments