Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Преаналитика

Преаналитика – бұл зертханалық талдаулар басталғанға дейін орындалатын шаралар.  Олар зертханалық талдау нәтижесіне тікелей әсер етеді.

Барлық  зертханалық талдаулардың түрлері үшін:

  1. Преналитикалық кезең– зертханалық талдаудың алдындағы шаралардың жиынтығы. Олар төмендегі ережелерден  тұрады:

–   дәрігердің қажетті зертханалық талдауларды  тағайындауы ;

–   дәрігердің зерттеуге өтінім (жолдама) парағын толтыруы;

– пациенттің дәрігерден немесе медбикеден биологиялық материалды тапсыруға дайындық ерекшеліктері туралы нұсқаулықтарды алуы;

– биологиялық материалды алу;

–  биологиялық материалды зертханаға  жеткізу.

2.Преаналитикалық процесс кезеңдерінің негізгі міндеті – зерттеуге алынған биоматериалдар компоненттерінің тұрақтылығын (сақталуын) қамтамасыз ету және олардың сапасын өзгертетін әртүрлі факторлардың әсерін азайту.

3.Аналитикаға дейінгі ұстанымдар

Аналитикаға дейінгі (преаналитика)  кезең үлгілерді алудан бастап талдау  нәтижелеріне дейінгі жалпы процестің орташа уақытының 57% құрайды. Атап айтқанда, бұл кезең пациенттің жеке деректерін тіркеп, зерттеу туралы  ақпарат беруге, сынамаларды таңбалауға, тасымалдауға және сақтауға, центрифугадан өткізіп,  бөлуге қатысты. Яғни, бұл шара бірнеше деңгейден тұрады. Әр сатыда әсер ету мүмкіндіктері көп және әсер еткен кез-келген фактор зертханалық нәтижені өзгертуі мүмкін. Сондықтан осы тізбектің әр мүшесін мүмкін болатын қателіктер мен олардың алдын алудың маңызы туралы ақпараттандыру қажет. Зерттеуге түскен үлгінің сапасы қандай болса, зерттеу нәтижесі де соншалықты объективті болады.

4.Мақсат: төмендегі шаралар үшін шарттарды  стандарттау:

– қан алуға дайындық;

– қан алу  процесі ;

– сынаманы сақтау және зертханаға тасымалдау

5.Нәтиже:

– науқастың қауіпсіздігі

– зерттеудің объективті нәтижесі

  1. Көк тамырдан қан алу

Көк тамырдан  қан  алу – медициналық сұрақтарға жауап алу үшін ең маңызды зерттеу материалы болып табылады.  Ол үшін қан  алу  техникасын дұрыс  жүргізу    өте маңызды.

6.1. Науқасты дайындау

Науқасты хабардар ету

Науқасқа  мазасызданбай және стресстік жағдайды болдырмау үшін алдағы жүргізілетін  шара туралы айту.

Сақталуға тиісті ережелерді түсіндіру, ақпарат беру:

– ол қабылдайтын фармацевтикалық препараттардың зерттелетін көрсеткіштерге әсері туралы;

– зерттеу қарсаңында арнайы диетаны сақтауы туралы;

– сынаманы  ашқарынға алу қажеттілігі туралы (шұғыл диагностика жағдайларын қоспағанда).

Егер пациент кішкентай бала болса, оған алдағы шаралар туралы түсінікті тілде жеткізу.

6.2. Зертханалық талдаулар үшін биоматериал алу техникасы

Көк  тамырдан  қан алуды процедуралық медбике жүзеге асырады, ине мен ине ұстағышы бар вакутейнерлерді, бір реттік майлықтар мен жабыстырғышты дайындайды. Келушіге барлық  стерильді  материалдарды  бір реттік қаптамада және пайдаланылмағанын көрсетеді. Қан алу техникасын  түсіндіреді. Тамырларды жгутпен 1 минуттан аспай қысып  ұстап,  бір адамға орташа есеппен 2 минутқа дейін қан алу жүргізеді.

6.3. Науқаспен өзара іс-қимылдың маңызы

Преаналитикалық кезеңге қатысушылар арасындағы байланыс жұмысты жеңілдетеді, ақпарат жетіспеушілігінен болатын қателіктердің алдын алады.

 

7.Жолдаманы рәсімдеу

Материалды алған кезде  жолдаманы дұрыс толтыру керек.  Пробирка  мен оларға ілеспе құжаттар, жапсырмалар шатастырылмауы тиіс. Пробиркада бөлімше мен реттік нөмір көрсетіледі.

7.1. Биоматериалды  алған кезде қажетті ақпараттарды  жолдамаға толтыру керек: (ҚР ДСМ  30.10.2020ж №175 бұйрығындағы  №097/у нысаны бойынша)

– пациенттің деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы, тұрғылықты мекен-жайы, ЖСН, азаматтығы, жұмыс орны, диагнозы, 2-нысан бойынша коды);

– биоматериалды талдауға жіберген медициналық ұйымның атауы, дәрігердің тегі;

– биоматериалды алу күні мен уақыты;

–   биоматериалды зертханаға жіберу күні мен уақыты;

Жолдамаға дәрігер қол қояды.

7.2. Сәйкестендіру

Науқасты анықтау – Тегі-Аты-туған күні

Қателер жиі кездесетін фамилияларда болады. Маңыздысы –  сұрақты тікелей  қойыңыз. “Сіз Батыровсыз ба?” деп  ешқашан  айтпаңыз.    Әйтпесе, мұндай сұраққа есту қабілеті нашар пациент немесе когнитивті қабілеті төмен пациент басын  изеу арқылы жауап беруі мүмкін. Немесе отырған адам басқа бір жәй келуші болуы  ықтимал.

Қан тапсыратын адамның кім екенін  нақты  анықтамаған жағдайда қан алудан бас тарту немесе деректерді нақтылау қажет.

Зерттеуге жолдама берген дәрігерді анықтау

Жіберуші дәрігердің сәйкестендіру деректері келесі жағдайларда нақтылау сұрақтарын қоюға мүмкіндік береді:

– түсініксіз жазылған  жолдамаларда;

– қате құрастырылған жолдамаларда.

Үлгіні сәйкестендіру

– пробиркалардағы биоматериалдарды   сәйкестендірмей ешқашан  зерттеуге жолдауға  болмайды

– штрих-код жапсырмалары сәйкестендірудің сенімділігін қамтамасыз етеді

– сәйкестендіру барлық уақытта  алғашқы  пробиркадан  бастап  жүргізілуі керек.

– шыны және пластикалық пробиркаларға жазу  үшін тек суға төзімді маркерлер қолданылуы керек.

8.Зерттелетін  биоматериалды бағалау

 Гемолиз. Гемолизденген сарысу мен плазма әртүрлі себептерге байланысты көптеген компоненттерді (темір, ЛДГ, АЛТ, АСТ, калий, креатинин, билирубин және т.б.) талдауға жарамсыз (эритроциттердегі компоненттердің жоғары мөлшері және гемолиз кезінде олардан сарысуға/плазмаға заттардың ауысуы). Гемолиз белгілері пайда болған кезде талдау үшін жаңа қан сұралады.

Липемия. Липемия кезінде сарысу немесе плазма майлы тағамды қабылдау себебінен немесе липидтер алмасуының бұзылуына байланысты бұлыңғырланып, зерттеуге жарамсыз болады. Бұл жағдайда қан алар алдында  науқас  24 сағат тамақ ішпеуі керек.

Зерттеуге арналған материалдың бұлыңғырлығы ұзақ тасымалдау және дұрыс сақтамау нәтижесінде бактериялардың көбеюіне байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда да материал зерттеуге  жарамсыз.

Биоматериалдың көрсетілген себептерден басқа да зерттеуге жарамсыздық  критерийлері: 

  • пробиркаларда таңбалаудың болмауы, жолдамалардың ауысып кетуі ;
  • биоматериалдың жолдамаға сәйкес келмеуі;
  • жиналған қан көлемінің қосылған антикоагулянт мөлшеріне сәйкес келмеуі;
  • биоматериалдардың дұрыс сақталмауы;
  • биоматериалды тасымалдау талаптарының сақталмауы

 

  1. Қан алуды жүзеге асыратын адам не үшін жауап береді?

– қан сынамасын алуды ұйымдастыру;

– құжаттаманы дұрыс жасақтау (пациентті сәйкестендіру және сынама алу уақытын көрсету);

– пациентке қан сынамасын алу туралы түсініктеме беру және дайындау;

– сынаманы өңдеу (қажет болған жағдайда центрифугалау);

– зертханаға жеткізу үшін курьерге бергенге  дейін сынаманы сақтау (қажет болған жағдайда салқындату немесе жылыту).

Назар аударыңыз: тасымалдау және дұрыс сақтау үшін зертханамен және қажет болған жағдайда жеткізу қызметімен байланыс өте маңызды!

Назар аударыңыз: преаналитика кезеңінде орын алған мәселелер  оқшауланбай, осы процесске қатысушылармен  (дәрігерлер, мейірбикелер және зертхана қызметкерлері)  бірлесіп шешіледі.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey