Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Орталық тарихы

Атырау облыстық  ЖИТС-тің алдын алу және  күресу  орталығының тарихы

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d0%b8%d1%81%d1%82%d0%be%d1%80%d0%b8%d1%8f-%d1%86%d0%b5%d0%bd%d1%82%d1%80%d0%b0 

Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында жаңа ауру түрі анықталып, континентте  таралуына байланысты ЖИТС орталықтары құрыла бастады.  Осыған байланысты адамның Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының  (ЖИТС) алдын алу мақсатындағы  облыстық және қалалық орталықтар ашыла  бастады.

1989 жылдың 30 қазанында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының «Облыс орталығында ЖИТС пен күрес орталығын құру туралы» №1461 бұйрығына сәйкес Атырауда да арнайы орталық ашылған.  Орталық жұмысы 1990 жылдың қаңтарында облыстық қан орталығының    жанында  ЖИТС- зертханасы  болып басталды.  Осы уақыт ішінде  орталықта арнайы  ғимараты болмағандықтан,    біраз орынды  өзгертті.

2014 жылдың қыркүйегінде НКОК консорциум әулеметтік   міндеттемелері бойынша ЖИТС орталығын  заманға  сай,  арнайы ғимарат салып берді. Бұл Қазақстандағы типтік  үлгідегі алғашқы ғимарат.  Нысан 3 қатарлы және цоколды қабаты бар. Ғимаратта барлық бөлімшелерге кабинеттер  қарастырылған, орталықтың  зертханасы қенейтілді, штат  толықтырылды.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Accessibility