Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Эпид ахуал

Атырау  облысы бойынша  АИТВ-инфекциясының  эпидемиологиялық  жағдайы

1993 жылдан  бастап 2017  жылдың  8  айына  дейін   облыста  өсу  көрсеткіші бойынша  250 жағдай   тіркелді, оның 186  ҚР азаматтары, 64 шетел  азаматтары.  2007 жылдан  бастап   АИТВ  жұқпасы  тұрақты  өсуі  байкалуда.  2017жылдың 8 айында Атырау  облысы бойынша  АИТВ   жұқпасын  жұқтырған  16 жағдай  аңыкталды,  оның 2-уі шетел азаматтары,14 -і  Қазақстан Республикасының азаматтары. Балалар  арасынан 1 жағдай тіркеліп отыр.

– 15 – 49 жас топтар  арасында -93,2 %  тіркеліп  отыр.

– берілу  жолдары бойынша: жыныстық жол-66,0%, инемен  есірткі тұтынушылар-25,0%,   басқа  жолдар -9,0%.

– әлеуметтік –қызметтік  құрылымы бойынша: жұмыс  жасайтындар-46,3%,  жұмыссыздар- 40,9%.

Бұрын  инемен  есірткі  тұтынушылар  арасында  таралу     көрсеткіші  басымды  болса,   соңғы  жылдары  жыныстық  жолмен  таралуы  өсуде.Жыныстық серіктесі –кездейсоқ, таныстығы шамалы адамдар болғандықтан және  адамдардың  АИТВ  жұқпасының  жолдарын  білмеуі жыныстық жолымен таралуы басымырақ орын алуда.

2017 жылға АИТВ инфекциясының 15-49 жас аралығында таралушылығы бойынша критерий- 0,08% болса, есептегі кезеңде өсу көрсеткіші- 0,049%.

 

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Accessibility