Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Структура

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы
«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
облыстық орталық» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

― Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру

 

―Кәсіпорын қызметінің мақсаты АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тің профилактикасын ұйымдастыру, диагностикалау және емдеу

 

―Кәсіпорын алға қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

  • медициналық ұйымдардың халықты АИТВ-ға зерттеп-қарауға, АИТВ/ЖИТС-тің профилактикасы, диагностикасы және АИТВ жұқтырған ЖИТС-пен ауыратын науқастарды емдеу мәселелері бойынша жұмысын жүргізу, үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету;
  • АИТВ-инфекциясының таралу қарқынын төмендетуге және алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу, облыс бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау;
  • АИТВ-ға және ЖИТС-пен байланысқан инфекцияларға скринингтік зерттеулер, сондай-ақ вирусологиялық, иммунологиялық және басқа да қажетті зерттеулерді орындау;
  • АИТВ жұқтырғандарды, ЖИТС, ЖИТС-пен байланысқан инфекциялармен ауыратындарды диагностикалау, диспансерлік қадағалау және емдеу мәселелері бойынша емдеу-профилактикалық ұйымдарға ұйымдастыру- әдістемелік көмек көрсету;
  • меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық және қоғамдық ұйымдармен АИТВ-инфекциясының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  • емдеу-профилактикалық ұйымдардағы персонал мен науқастарға АИТВ-инфекциясын жұқтырудың профилактикасы бойынша консультациялық көмек көрсету;
  • бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
  • АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша дәрігерлерді және орта буын медицина қызметкерлерін даярлауда, сондай-ақ семинарлар мен кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуде консультациялық көмек көрсету.

 

Download (PDF, 294KB)

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Accessibility