Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Берілу жолы

АИТВ-ның үш берілу жолы бар:

АИТВ инфекциясының жұғу көзі –  адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушы немесе ЖИТС сатысындағы науқас. Тасымалдаушылар айналасына қауіптірек, себебі АИТВ жұқтырушы екенін білмеуі немесе жасыруы мүмкін. Ер адамдар да , әйелдер де індет  көзі болуы мүмкін. АИТВ-ның қанға енуі инфекцияның дамуына  әкеледі. Бұл мына жолдармен жүзеге асады:

  • жыныстық жол — сексуалды қатынастардың барлық түрлерінде. Сақтанбаса (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас дені сау серіктесіне індетті жұқтыру қаупін тудырады;
  • парентералды –  шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда  АИТВ  жұқтырған адам қаны  және оның құрамдары  жұққан құралдар пайдаланылса;
  • нашақорлар есірткілерді енгізу кезінде инені, шприцтерді  ортақ  қолданғанда;
  • пирсинг жасау, татуаж енгізу барысында   стерилизациядан өткізбеген   аспаптарды қолданған жағдайда;
  • перинаталды – АИТВ жұқтырған анадан балаға   босану кезінде және босанғаннан кейін ана сүтімен беріледі.

 

АИТВ қалай берілмейді:

-Қол беру, құшақтасу

-Гигиена құралдары, жөтелу, түшкіру

-бассейн, ванна, сауна

-Жәндіктердің шағуы және жануарларды күту

Облыстық ЖИТС орталығы Владимирский  көшесінде   орналасқан.

Орталықта:

– достастық   кабинеті:  дәрігер-дерматовенеролог

– психо-әлеуметтік кеңес  кабинеті:  дәрігер-психотерапевт

-гинекологиялық  кабинет:  дәрігер- гинеколог   жұмыс  жасайды.

Жұмыс    уақыты:  9.00-  17.00

Демалыс  күндері: сенбі  және  жексенбі.

Сенім телефоны: 21-11-03

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Accessibility