Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Біз туралы

«Атырау облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен күресу және алдын алу орталығы» КМҚ кәсіпорны 25 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Орталықтың негізгі қызметі – АИТВ ның алдын алу жұмыстарын жүргізу, ауру жұқтырған науқастарды анықтап, диспансерлік бақылауға алу және емдеу. Бұл жұмыстардың барлығын біздің қызметкерлер дәрігерлер мен орта буын мамандары атқарады. Дәрігерлердің мамандығы әр түрлі. Эпидемиологтар, инфекционистер, терапевт, дәрігер зертханашылар, фтизиатр, акушер-гинекологтар бар. Әр бөлімше өздеріне жүктелген міндеттерді атқарады. Зертханада облыстың барлық тұрғындарына АИТВ ға скринингтік тексеру жасалады. Нәтижесін АҚШ-та шығарылған жартылай автоматты (Stat Facs) және автоматты (Chem Wel) иммуноферментті анализаторлар анықтайды. Егер АИТВ анықталған болса, онда дереу эпидемиологиялық  бөлім іске кіріседі. Аталған бөлім мұндай жағдайда жұғу жолдарын анықтап, науқасты зерттейді. Халықтың осал топтары  арасында шолғыншы эпидемиологиялық бақылау жүргізеді. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамға өз кезегінде ем беру үшін алдағы уақытта да көмек көрсететін арнайы бөлім жұмыс жасайды.

ЖИТС орталығы қызметінің ерекшелігі – зертханалық тексеруге дейін   психоәлеуметтік кеңес (ПӘК) беру.Одан кейінгі кеңес беру зертханадан тексеріс қорытындысы нәтижесін беру кезінде жүргізіледі. Психоәлеуметтік кеңес беру дегеніміз психолог дәрігер мен https://www.acheterviagrafr24.com/prix-viagra-pharmacie/ науқас арасында АИТВ туралы әңгімелесу. Бұл кеңесті дәрігер ПӘК кабинетінде жүргізеді. Науқас АИТВ туралы білмейтін мәліметтерге қанығады.

ЖИТС орталығындағы ең қызық әрі маңызды бөлім – алдын алу бөлімі. Бұл бөлімнің жұмысы негізінен азаматтарға АИТВ туралы кеңінен түсінік беруге бағытталған. Жалпы халықпен, кәсіпорын, ұйымдармен, жастармен жұмыс жүргізу бөлім  қызметінің бір бөлігі  гана.

Сонымен қатар орталықта ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі де бар.Бұл бөлімнің  дәрігерлері әртүрлі шаралар ұйымдастырады. Орталықтағы барлық жұмыс компьютерлендірілген. Мәліметтер электронды базаға құйылып отырады.

2014 жылдың қыркүйегінен бері орталық қызметкерлері жаңа арнайы  ғимаратта жұмыс жасайды. Жаңа ғимараттың жалпы көлемі 3774 кв.м. Бұл Қазақстандағы типтік үлгідегі алғашқы және жалғыз ғана ғимарат. Мұнда біздің мамандарға барлық жағдай жасалған. Әсіресе маңыздысы – зертхана. Бұрын зертхана бір ғана серологиялық бөлімнен тұрса, қазір мұнда бес бөлім бар. АИТВ-ны анықтау үшін халыққа скриниг жүргізуге арналған серологиялық бөлім, гепатит пен ЖИТС индикаторлы инфекцияны анықтауға арналған серологиялық бөлім, иммунология бөлімшесі, клинико- биохимиялық бөлімі. Ұжымды  41 жылдық еңбек өтілі бар  тәжірибелі жоғарғы санатты бас дәрігер Өтепқалиев Меңдіхан Мырзалыұлы басқарып, барлық жұмыстарды ұйымдастырып отырады.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Accessibility