Атырау қаласындағы Ішкі істер департаментінің медициналық тобындағы семинар
- admin_atsc
- 17.03.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 15 науырызында Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары Атырау қаласындағы ІІД медициналық тобында «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Орталықтың мамандары М.Испергенова және Р.Муканова Атырау облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ инфекциясының алдын алу, қоғамда кемсітушілік пен оқшаулауға жол жоқ екендігі, қызмет кезінде кездесетін аппаттық жағдайларда жүргізілетін шаралар туралы толықтай мағлұмат берді.
Барлық қатысушыларға ақпараттық-ағарту құралдары таратылды.
comments powered by HyperComments