Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің қызметкерлерімен кездесу
- admin_atsc
- 31.03.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 27 наурызында облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Елубаева А.С. «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті» қызметкерлерімен «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында басты көңіл облыстағы эпидемиологиялық ахуалға, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шараларына, бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі – ЖИТС-тің жыныстық таралу жолының көбеюі, салауатты өмір салтын ұстанып, бірлесіп бұл ауруды тоқтатуға болатындығы, қоғамда кемсітушілік пен оқшаулауға жол жоқ екендігі туралы ақпараттарға бөлінді.
АИТВ-ға тегін тексерілуге болатындығы айтылып, қызметкерлер қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды. Кездесуге 60 адам қатысып, видеоролик көрсетіліп ,қатысушыларға оқу-ағарту құралдары таратылды.
comments powered by HyperComments