Дәрігер –эпидемиологтар арасындағы семинар
- admin_atsc
- 01.04.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
28 наурызда 2017ж. Атырау ЖИТС орталығында «Медициналық ұйымдардың эпидемиологтарына арналған АИТВ инфекциясының мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды бас дәрігердің орынбасары Акбанова Л.З. ашып ,
АИТВ –жұқпасын алдын алуды бақылауда эпидемиологтар қызметініңмаңыздылығынбаса атап көрсетті.
Атырау облысындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын және постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыружөнінде рольдік ойынмен қөрсетіп, эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Умарова Г.А. баяндады.Семинарда клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру,сонымен қатар жалпы халықты тексеру(пассивті скрининг) мәселелері қаралды.
Семинардан бұрын және кейін сауалнама жүргізілді. 29 медицина қызметкерлері қамтылды.