Ірі бизнес құрылымдардағы кездесу

- admin_atsc
- 10.08.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 7-9шілдесінде ірі өнеркәсіптер «Казкоммерцбанк» АҚ, «Денхолм-Жолдас» ЖШС және «ШевронМұнайгазИнк» ЖШС-де облыстық ЖИТС орталығының мамандары кездесу, семинар-тренингтер ұйымдастырып, көрнекі құралдардың (бейнебаян, слайд, ақпараттық ағарту материалдары) көмегімен АИТВ/ЖИТС туралы баяндады. Медицина қызметкерлері тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, оны жұқтырған адамдармен жұмыс жасағанда ешқандай қауіптің жоқ екенін, стигма және дискриминация жайында түсіндірді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпарат берілді. Кездесуге қатысушылар көптеген сұрақтарға жауап алып, өткізілген шаралардың нәтижелі пайдалы болғанын атап өтті.
comments powered by HyperComments