Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау  қаласында «АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу. Анадан балаға берілуінің алдын алу. Стигма және дискриминация» тақырыбында  семинар өтті.

2017 жылдың 16-17 тамызында  «Виктория Палас» қонақ үйінде ЖИТС, туберкулез және безгек аурларымен күресу Жахандық қорының  шаралары аясында облыстың бастапқы медико-санитарлық көмек және  босандыру ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне арналған «АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу. Анадан балаға берілуінің алдын алу. Стигма және дискриминация» тақырыпты семинарлар өтті.

Семинар барысында дәрігерлер көрнекі құралдардың көмегімен АИТВ инфекциясының алдын алу, оны  жұқтырған науқастарды емдеу, жұқпаның вертикалды берілуінің алдын алу үшін жүкті әйелдермен жұмыс жасау туралы оқыды.

Тыңдаушылар  күнделікті жұмыстарына  өте қажетті маңызды ақпараттар алды. Шара жергілікті  бұқаралық ақпаратпен қамтылды.

 

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey