Атырау қаласында тірек мектептерде лидерлерді оқыту

- admin_atsc
- 27.09.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атыраудың қаласында «АИТВ және ЖИТС алдын алу» бағытында 9 тірек мектебі жұмыс жасайды. Жаңа оқу жылында оқушылар құрамынан лидерлер дайындау мақсатында кезеңді жұмыстар жүргізілуде.
Облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова 2017 жылдың 26 қыркүйегінде Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 9-шы сынып оқушылары арасында интерактивті оқыту әістерін қолданып «тең-теңімен» ұстанымы бойынша тренинг өткізді.
Тренинг бағдарламасында «тренерлік шеберлік», «қауіпсіз және жауапты мінез-құлық әдістері», «АИТВ және ЖИТС мәселесі жөнінде ақпарат деңгейін көтеру», «адам құқықы және кемсітушілік» тақырыптары қамтылды.
Барлығы 25 оқушы қатысты.