Атырау облыстық перинатальдық орталықтың акушер-гинекологтарына арналған семинар

- admin_atsc
- 27.09.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
22 қыркүйекте Облыстық перинатальдық орталықта әдістемелік көмек көрсету мақсатында акушер-гинекологтарға семинар өткізілді. Семинарды облыстық ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Аустниязова мен дәрігер эпидемиолог М.Ермашева жүргізді.
Шараның мақсаты: АИТВ жұқпасының анадан балаға берілу жолының алдын алу сұрақтары бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсету.
Шара барысында тренерлер БМСК және перзентханадағы жауапты мамандарға эпидемиологиялық жағдайды, ҚР ДСМ №272 бұйрығындағы жұмыстың әдістемелерін, облыстық ЖИТС орталығының жасақтаған алгоритмін таныстырды.
Семинар соңында облыстық перинатальдық орталықтың медицина қызметкерлеріне аттестация жүргізілді.