Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

БИЗНЕС ҚҰРЫЛЫМЫНДА СЕМИНАР  

2017 жылдың қазан айында  ЖИТС орталығының мамандары  «Shlumberger» ЖШС бизнес қауымдастығында «АИТВ/ЖИТС бизнеске ықпалы» атты семинар өткізді.

Мақсаты бизнес құрылым басшыларының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, соның ішінде «АИТВ/ЖИТС бизнеске ықпалы» көрсеткіші жөнінде хабардарлығын арттыру.

М. Испергенова   ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі семинарға қатысушыларға АИТВ – инфекциясының берілу жолдары, алдын алу  шараларымен АИТВ инфекциясының бизнеске әсері жөнінде айтып өтті.

Ұйымдастырылған іс-шара барысында осы тақырыптағы  презентациялық материалдармен таныстырылып, қатысушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша сауалнама жүргізіліп, оқу ағарту құралдары таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Accessibility