Атырау қаласындағы колледж студенттерімен кездесу

- admin_atsc
- 17.10.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау индустиалды колледжі және Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі студенттерімен 2017 жылдың 13-ші қазанда «Салауатты ұрпақтың психикалық денсаулығы» тақырыбында ЖИТС орталығы мен нарко қызметінің мамандарымен кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты: АИТВ берілу жолдары туралы мағлұмат беру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар жастар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу.
Шара барысында Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова қауіпті мінез-құлық, АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен кемсітушілікке қатысты сұрақтарға тоқталды. Буклеттер таратылды.
Барлығы 230 студент қатысты.