Атырау қ. «Н=Н» кампаниясы өткізілді
- admin_atsc
- 27.10.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
25 қазанда Атырау облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Л.Акбанова медицина қызметкерлеріне 2017 жылдың 16- шы қазаны мен 1-ші желтоқсаны аралығында «Н=Н» яғни «Анықталмайтын демек таралмайды» кампаниясының өткізіліп жатырғаны туралы түсіндірді. Кампанияның негізгі идеясы: АРВ терапияны қолданатын АИТВ мен өмір сүруші адамдардан вирус басқа адамдарға жұқпайды.
АРВ терапияны қолданатын адамдар сапалы өмір сүріп, жалғастыруға, құқылы. Ол үшін емделу процесіне жауапкершілікпен қарап, ұстану.
Кампанияның міндеті – берілген емді дұрыс қолданғанда, вирус басылып анықталмайтын дәрежеге жететінін АИТВ мен өмір сүруші адамдар мен халыққа жеткізу.
Ағзадағы вирустың саны төмендегенде АИТВ-ны жұқпауға әкеледі, осылайша өзіңе жақын адамдарды, соның ішінде жыныстық серіктестігіңді, өз денсаулығыңды сақтауға болады.
Кампанияның өткізілуі барлық әлеуметтік желілерде ақпараттандырылады.
comments powered by HyperComments