Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Облыстық ЖИТС орталығында  семинар ұйымдастырылды

Сегізінші  қарашада медицина қызметкерлеріне ЖИТС  орталығының  мамандары семинар ұйымдастырды.  Семинарды  директордың орынбасары  Л.Ақбанова ашты.

Семинардың мақсаты: тәртіптік  мекемелердегі  АИТВ /ЖИТС тің  алдын алу шаралары.

Орталықтың мамандары  ҚР мен облыстағы  АИТВ/ЖИТС тің эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ жұқпасына  эпидемиологиялық және  клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру,  апаттық жағдайлар туындағанда жүргізілетін шаралар,  Бүкіләлемдік ЖИТС ке қарсы  күрес   күні  2017 жылғы кампаниясының ұраны «Денсаулыққа құқық», 16 қазан  мен  1 желтоқсан аралығында «Н=Н» акциясының  жүргізілуі, АИТВ  мен өмір сүрушілер арасындағы  дискриминация  мен стигманы  сақтау  туралы  мағлұмат берді.

Материалдар   слайдтармен  көрсетілді. Сауалнама жүргізіліп, сұрақтарға  жауаптар беріліп, оқу ақпараттық құралдары  таратылды.

  

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey