Мектеп оқушылары арасында сурет байқауы өтті
![](https://www.atyrauspidcentre.kz/wp-content/uploads/2017/11/IMG_0683-1400x933.jpg)
- admin_atsc
- 23.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 15-20 қараша аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ және ЖИТС жасөспірімдер көзімен» тақырыбында қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: АИТВ және ЖИТС туралы білім деңгейлерін көтеру, жасөспірімдердің назарын аудару, өнерлі оқушыларды анықтау. Ұйымдастырылған шараға 64 оқушының суреті қатысты. Байқау талаптарына сай жеңімпаздар анықталды.