Атыраудағы донорлармен кездесу

- admin_atsc
- 27.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 24 қарашада облыстық қан орталығында ЖИТС орталығы мамандарының ұйымдастыруыменен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында донорлармен медицина қызметкерлері арасында кездесу өткізілді.
Акция барысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция, эпидемиологиялық ахуал, АИТВ –ның жұғу және аурудан сақтану жолдары жөнінде мәлімдеме айтылды. Тыңдаушылар берілген сұрақтарына нақты жауап алды. Қатысушыларға оқу- ағарту құралдары таратылды.