ЖИТС орталығында семинар-тренинг

- admin_atsc
- 27.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 21 қарашасында Атырау облыстық ЖИТС орталығы Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы күрес күні қарсаңында халықтың осал топтарының (ХОТ) аутрич қызметкерлері арасында семинар –тренинг ұйымдастырды.
Мақсаты –халықтың осал топтары арасында қауіптілікті төмендету үшін аутрич қызметкерлерді оқыту.
Семинар барысында алдын алу бөлімінің меңгерушісі М.Испергенова көрнекі құралдардың көмегімен облыстың эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ/ЖИТС тен алдын алу, берілу жолдары, қорғаныш құралдарын тарату, өз топтарында қауіптілікті төмендету мақсатында жұмысты күшейту туралы түсіндірілді. Қатысушылар арасында «Карусель» рольдік ойыны жүргізілді.