Атыраудағы емханалардағы шаралар

- admin_atsc
- 05.12.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында №1,4, Геолог емханаларында халық арасында кездесу, 7 қалалық емханасында дөңгелек үстел өткізілді.
Акция барысында емханаға келушілерге, медицина қызметкерлеріне Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция жөнінде, АИТВ –ның жұғу және аурудан сақтану жолдары, Атырау облысындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде дәрігер- эпидемиолог Ерғалиева Э.Ж. мәлімдеме берді. Тыңдаушылар сұрақтарына нақты жауап алды. Қатысушыларға оқу- ағарту құралдары таратылды.