ІІД мекемелерінде АИТВ/ЖИТС туралы

- admin_atsc
- 13.12.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Желтоқсан айының 5-13 аралығында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне, орай облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Ішкі істер департаментінің мекемелерінде (көші- қон полициясы, әкімшілік полициясы, мамандандырылған Күзет қызмет басқармасы, ТЖД «ӨС және АҚЖҚ», ІІЖБ) шаралар өтіп, 290нан астам адам қатысты. Орталықтың мамандары қызметкерлерге АИТВ инфекциясы туралы түсіндіріп, жұқпаны жұқтырған адамдармен, АИТВ-сы жоқ адамдар бірге өмір сүруге болатындығы туралы, аурудың алдын-алу шараларына тоқталды. Оқу ақпарат құралдары таратылды.