Атырау қ. Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің оқушыларымен кездесу
- admin_atsc
- 08.02.2018
- Без рубрики
- Пікір жоқ
2018 жылдың жетінші ақпанында Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің 9-10 сынып оқушыларымен Атырау облыстық ЖИТС қарсы күрес және алдын алу орталығының мамандарымен АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану дәрежесін көтеру және таралуының алдын алу , олардың жеке қауіпсіздігіне жауапты қатынас қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді.
Педагог А.Тунгатарова және дәрігер эпидемиолог өз сөздерінде АИТВ инфекциясының таралу және алдын алу жолдары туралы, сондай-ақ қоғамның АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасына тоқталды. Ақпараттық материалдар таратылды. Қамтылды-50 адам.