Атырау қаласындағы бизнес құрылымындағы кездесу

- admin_atsc
- 21.02.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
15-20 ақпан аралығында АҚ«Жылыоймунайгаз»,«РИП-ГАЗ», «Атырау мұнай», «Интертэк Интернэшинал Казахстан», «Каспиан Девелопмент Кампани», «Capital Complex Catering» ЖШС-да «АИТВ инфекциясының бизнес жүргізуге ықпалы жоқ» атты тақырыбында кездесулер өтті.
Шарада ірі, орта бизнес құрылымының басшылары мен жұмысшылары қатысып, оларға ЖБҚ көтеру, АИТВ сұрақтары бойынша біліктілікті арттыру, басшыларға сауалнама жүргізу арқылы өтетіні ескертілді.
Тренерлер АИТВ және ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу шараларымен таныстырды.
Кездесуде қызметкерлердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді. 170 қатысушыға ақпараттық құралдар таратылды.