Атырау қ. студенттер арасындағы тренинг

- admin_atsc
- 26.02.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2018 жылдың 22 ақпанда Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің жатақханасында студенттер арасында «АИТВ-инфекциясы және қоғам» тақырыбында тренинг өткізді.
Аталмыш шара жастардың АИТВ инфекциясының алдын алу туралы хабардарлығын көтеру, АИТВ мен зақымданудың қауіпті дәрежесін анықтау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Тренинг барысында жастарға адамның иммун тапшылық вирусы, берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы негізігі мәліметтер ұсынылды. «Қауіптілік дәрежесі» ойыны өткізіліп, тренингке қатысушылар кез келген адам жұқтыруы мүмкін, егер ол зақымдануға жоғары әрекеттермен айналысса, АИТВ-н деген қортындыға келді. Сонымен қатар, АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қоғамның көзқарасы, «Адам құқы» деген түсінікке назар аударылды.
Шарада 56 адам қамтылды