Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Акушер-гинекологтар арасында «Анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуін алдын алу» тақырыбындағы семинар

ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу жөніндегі Облыс орталығының мамандары  «Анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуін алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға облыстың медициналық ұйымдарының акушер-гинекологтары қатысты.

Шараны  орталықтың директоры  Н.А.Айтмұхамбетов ашып, анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуінің  алдын алу маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

Эпидемиология бөлімшесінің дәрігер-эпидемиологы  М.М.Ермашева жүкті әйелдер арасындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайына, диспансерлік бөлімінің меңгерушісі  Б.И.Аустниязова АИТВ жұқтырған әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету жайлы  түсініктер  берді.

Тыңдаушыларға семинарға дейін және семинардан кейін сауалнама жүргізіліп, өздерінің сұрақтарына жауаптар  алды.

 

 

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey